2024 жылдың 30 қазан күні «Әдістемелік вертикаль- өңірдегі білім беруді табысты дамытудың негізі» облыстық семинарда 2023-2024 оқу жылы қорытындысы бойынша инновациялық мектептердің мониторингісі шығарылды. Солтүстік Қазақстан облысындағы 24 инновациялық мектептер арасында «Парасат» мектеп-лицейі «Үздік аудандық инновациялық мектеп-2024» деп танылды. Білім басқармасының басшысы А.А.Сураганова мектебімізге диплом мен кубок табыстады.
Барлық педагогикалық ұжымды жеңіспен құттықтай отыра, 2024-2025 оқу жылына шығармашылық табыс тілейміз.